Skip to content
Жаңалықтар Парк аумағында орманды жанама пайдалану бойынша тексеру жұмыстары

Парк аумағында орманды жанама пайдалану бойынша тексеру жұмыстары

  • by

Сарқан, Алакөл және Лепсі филиалдарының аумағында орман ресурстарын жанама пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушыларға тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:
• Орман пайдалануға қажетті рұқсат құжаттарының болуы;
• Қазақстан Республикасының орман заңнамасы талаптарының сақталуы;
• Жанама орман пайдалану кезінде белгіленген талаптардың орындалуы;
• Өртке қарсы құрал-жабдықтар мен өрт сөндіру құралдарының болуы және жарамдылығы.
Сонымен қатар, орман пайдаланушылармен парк аумағында болу және жүріп-тұру ережелері, өрт қауіпсіздігі талаптары және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау қажеттілігі бойынша қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындар мен орман пайдаланушыларды ақпараттандыру мақсатында ақпараттық парақшалар, табиғи ресурстарды пайдалану кезіндегі міндеттемелер, жадынамалар және белгіленген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы парақтар таратылды.

Осындай іс-шараларды өткізу құқық бұзушылықтардың алдын алуға, орман заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге, өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және парк аумағындағы табиғи байлықтарға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
🌿Ережелерді сақтау – табиғатты келешек ұрпақ үшін сақтаудың кепілі!

«Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру» бөлімі