Skip to content
Жаңалықтар Орман өрттерінің алдын алу — баршамызға ортақ міндет!

Орман өрттерінің алдын алу — баршамызға ортақ міндет!

  • by

Орман өрттерінің алдын алу — баршамызға ортақ міндет! 🌲🔥

Орман өрттерінің алдын алу және өрт қаупі жоғары учаскелерді анықтау мақсатында ұлттық парктің Лепсі филиалының қызметкерлері Жалаңаш орманшылығының аумағын, сондай-ақ оған іргелес орналасқан шаруа қожалықтарының жерлерін аралап шықты.

Аралау барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына ерекше назар аударылып, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін қауіп-қатерлердің алдын алу шаралары жүргізілді.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындармен және шаруа қожалықтарының жұмысшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау, әсіресе өрт қаупі жоғары кезеңде барынша сақ әрі жауапкершілікпен әрекет ету қажеттігі ескертілді.

🌲 Табиғатты аялау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау — орманымызды өрттен қорғаудың кепілі!