Skip to content
Жаңалықтар Қызылтілді зиягүл

Қызылтілді зиягүл

  • by

🌿 Қызылтілді зиягүл — Жоңғар Алатауы МҰТП сирек кездесетін эндемигі
Tephroseris pyroglossa — күрделігүлділер (Asteraceae) тұқымдасына жататын, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген аса сирек кездесетін ареалы шектеулі эндемик түр.
Ұлттық парк аумағында бұл түр негізінен субальпі және альпі биіктік белдеулерде, теңіз деңгейінен 2662–3330 м биіктіктерде кездеседі.
🔬 Далалық зерттеулердің нәтижелері бойынша түрдің негізгі таралу орындары Сарқан филиалының аумағында шоғырланған. Мұнда түр жиірек кездеседі және бірнеше жергілікті популяция түрінде таралған. Ал Лепсі және Алакөл филиалдарында сирек кездесіп, жекелеген локализациялармен ғана тіркелген.
🌱 Қызылтілді зиягүл тасты және қиыршықтасты беткейлерде, биік таулы шалғындарда, сондай-ақ субальпі және альпі белдеулердің өсімдіктері сирек учаскелерінде өседі. Өсімдік шағын топтармен немесе жеке дара кездеседі. Жекелеген учаскелердегі саны, әдетте, аз — 2–5 дарақ.
⚠️ Түр таралуының жергілікті сипаты мен популяцияларының аз саны осы бірегей өсімдіктің тұрақты мониторингін жүргізу және табиғи мекен ету орталарын сақтау қажеттілігін көрсетеді.