🌿 «Zhailau Fest»: ұлттық құндылық пен табиғат үндестігі
Сарқан ауданының Тополевка ауылында Теректі өзенінің жағасында жастарға арналған «Zhailau Fest» фестивалі өтті.
Шараның негізгі мақсаты – қала жастарын ауыл өмірімен таныстырып, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, жастардың танымдық және практикалық дағдыларын дамыту.
Фестиваль барысында қатысушылар киіз үй тігу, бауырсақ пісіру, самаурынға шай қайнату, сиыр мен бие сауу, ет бөлшектеу, ұлттық тағам – сірне дайындау секілді дәстүрлі ауыл жұмыстарына қатысып, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ танысты. Сонымен қатар ұлттық спорт түрлерінен түрлі жарыстар ұйымдастырылды.
🌲 Фестиваль аясында «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымы арнайы көрме ұйымдастырды.
Көрме барысында жастар мен фестиваль қонақтарына Жоңғар Алатауының қайталанбас табиғаты, өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемі туралы ақпарат берілді. Парк мамандары ерекше қорғалатын табиғи аумақтың маңыздылығы, биоалуантүрлілікті сақтау және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жастарға табиғатты қорғау тек мамандардың емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті екені айтылып, туған өлкенің табиғи байлығын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
🌿 Ұлттық дәстүрді ұлықтап, табиғатты аялауға үндейтін осындай шаралар жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Табиғатты бірге қорғайық!
Жоңғар Алатауын бірге сақтайық! 🌲
#ЖоңғарАлатауы #ZhailauFest #ҰлттықПарк #ТабиғатЖанашырлары #ЭкологиялықМәдениет #ТабиғаттыҚорғайық #Сарқан #Жетісу