TBEX (Travel Blog Exchange) халықаралық платформасының қатысушылары Жетісу облысына арнайы ақпараттық турмен келді. Сапар барысында халықаралық блогерлер өңірдің бірегей табиғи және туристік нысандарымен танысты.
Сапардың алғашқы күнінде қонақтар «Алтын-Емел» ұлттық паркіндегі әйгілі Айғайқұмды тамашалады. Екінші күні Жоңғар Алатауы ұлттық паркі мен Қойтас паркінің көркем табиғатын аралады. Үшінші күн Кіші Жасылкөлге сапармен жалғасып, блогерлер Жетісудың таулы табиғаты мен ерекше ландшафттарын тамашалады.
Жетісу — табиғаты алуан, таулары мен көлдері, кең даласы мен ерекше көріністері үйлескен көркем өлке. Бұл сапар қонақтарға өңірдің табиғи сұлулығын жақыннан танып, ерекше әсер алуға мүмкіндік берді. 🌿🏔️