Жер учаскелерін пайдалануға беру жөніндегі тендерлік комиссияның отырысы өтті
2026 жылғы 28 тамызда Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында туристік -рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін жер учаскелерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді пайдалануға беру бойынша тендерлік өтінімдерді ашу, ұсынылған құжаттарды қарау және тендер қорытындысын шығару жөніндегі тендерлік комиссияның отырысы өтті.
🔹Тендер аясында №4 және №16 екі лот бойынша өтінімдер қаралды. Әр лот бойынша бір үміткерден өтінім ұсынылды.
Тендерлік комиссия мүшелері қатысушылар ұсынған құжаттарды, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін, сондай-ақ жер учаскелерін туристік мақсатта игеру және пайдалану жөніндегі ұсынылған жобаларды қарады.
🔹Қарау нәтижесінде екі қатысушының да қажетті құжаттардың толық топтамасын ұсынғаны анықталды. Осыған байланысты тендерлік комиссия тиісті шешімдер қабылдады.
Тендер қорытындысы бойынша:
🔹 №16 лот — Лепсі филиалының Лепсі орманшылығында, 3-тоқсан, 58-орамда орналасқан, жалпы алаңы 2 га жер учаскесі «Alatau Safari» ЖШС-не берілді.
🔹 №4 лот — Сарқан филиалының Тополевка орманшылығында орналасқан жер учаскесі «Айгерім» ЖШС-не берілді.
Отырыс белгіленген тәртіппен өткізілді.
Өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша аталған жер учаскелерін тендер шарттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес беру туралы шешім қабылданды.
Жер учаскелерін беру туристік инфрақұрылымды дамытуға, келушілердің демалуына қолайлы жағдай жасауға және Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы туристік әлеуетті одан әрі дамытуға бағытталған.