Skip to content
Жаңалықтар «JASYL EL – XXII» маусымының жабылу іс-шарасы өтті

«JASYL EL – XXII» маусымының жабылу іс-шарасы өтті

  • by

Сарқан қаласында жастардың еңбек маусымын қорытындылауға арналған «JASYL EL – XXII» маусымының жабылу іс-шарасы өтті.
🔹Іс-шара аясында Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері облыстың әр өңірінен жиналған жастарға табиғат мұражайында экскурсия жүргізіп, Жоңғар Алатауының бірегей табиғи ерекшеліктері, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі, сондай-ақ тарихи-мәдени нысандары туралы ақпарат берді.
🔹Кездесу барысында жастарға табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау және туған өлкенің экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🔹Ұлттық парк қызметкерлері жастарды табиғатты аялауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғи мұраны келер ұрпаққа сақтап жеткізуге шақырды.
🌱 «JASYL EL» – жастарды еңбекке, жауапкершілікке, достыққа және белсенді азаматтық ұстанымға баулитын, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды жоба.
🌿Табиғатты қорғау – ортақ міндет. Ал оны сақтап қалу – бүгінгі жас ұрпақтың қолында!