Skip to content
Жаңалықтар Хабарландыру

Хабарландыру

  • by

«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ

бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

1. «Рекреация, экологиялық ағарту және туризм» бөлімі
Рекреация және туризм жөніндегі маман – мемлекеттік инспектор
(1 бірлік – уақытша лауазым).
Біліктілік талаптары
Білімі: жоғары.
Санаты бар маманға: кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: орман шаруашылығы (орман ресурстары және орман шаруашылығы), экология, география, биология, құқық (құқықтану), қызмет көрсету саласы (туризм), сондай-ақ маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Санаты жоқ маманға: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: орман шаруашылығы (орман ресурстары және орман шаруашылығы), құқық (құқықтану), қоршаған орта (география), қызмет көрсету саласы (туризм). Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Орта біліктілік деңгейіндегі маманға: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім келесі мамандықтардың бірі бойынша: орман шаруашылығы, бақ-саябақ шаруашылығы және ландшафтық дизайн, экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша), құқық (құқықтану), туризм. Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
2. Лепсі филиалы
Орманшылық басшысы (орманшы) – 1 бірлік
Біліктілік талаптары:
Кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: орман шаруашылығы (орман ресурстары және орман шаруашылығы, аңшылықтану және аң шаруашылығы), қоршаған орта (экология), биологиялық және сабақтас ғылымдар (биология), сондай-ақ орман шаруашылығы ұйымдарында немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуі тиіс;
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;
5. Соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;
6. Еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
7. Жоғары оқу орнын аяқтағанын растау туралы оқу орнынан анықтама;
8. Денсаулық жағдайы туралы № 075 нысандағы анықтама;
9. Түйіндеме (резюме).
Құжаттарды қабылдау мерзімі
Құжаттар 2026 жылғы 3 қыркүйектен 15 қыркүйекке дейін қабылданады.
Құжаттарды қабылдау орны
Мекенжайы: Сарқан қаласы, Венедиктов көшесі, № 74.
Телефон: 8 (72839) 2-12-01.
Электрондық пошта: gongar-alatau@mail.ru.
Конкурс өткізу күні: 2026 жылғы 16 қыркүйек.