«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» аумағындағы Үлкен Басқан шатқалында орманшы үйінің салтанатты ашылуы өтті. Сонымен қатар, қонақ үйге қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Шараға орман шаруашылығының ардагерлері мен ұлттық парк қызметкерлері қатысты. Орманшы үйін салу және қонақ үйді қалпына келтіру жұмыстарына атсалысқан азаматтар еңбегі үшін арнайы марапатталды.
Жаңартылған нысандар табиғи аумақты қорғау жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға, қызметкерлер мен келушілерге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
🏔️ Үлкен Басқан шатқалының көркем табиғатын тамашалап, табиғи мұрамызды бірге қорғауға шақырамыз!
#ЖоңғарАлатауы #ҰлттықПарк #ҮлкенБасқан #ОрманШаруашылығы #ЭкологиялықТуризм ТабиғаттыҚорғау