🌿 Ұлттық парктің Лепсі филиалының аумағында жануарлар дүниесін қорғауға және браконьерлік фактілерінің алдын алуға бағытталған бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
👮♂️ Рейдтік іс-шараларға ұлттық парк қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өкілдерімен бірлесіп қатысуда.
🔎 Іс-шара барысында аумаққа бақылау жүргізіліп, табиғатты қорғау заңнамасының сақталуы тексеріледі.
🚫 Сонымен қатар заңсыз аң аулауға және жануарлар дүниесін қорғау саласындағы өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыстар атқарылуда.
Табиғатты бірге қорғайық!