Skip to content
Жаңалықтар Өртке қарсы техникалар мен жеке құрамның әзірлігін тексеру

Өртке қарсы техникалар мен жеке құрамның әзірлігін тексеру

  • by

🔹Елді мекендерде ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау және шөп шабу жұмыстарының жүргізілуіне, сондай-ақ өрт қаупінің жоғары деңгейде сақталуына байланысты, ұлттық парктің Алакөл филиалында ОӨСС-ның өртке қарсы техникасы мен құрал-жабдықтарының, сондай-ақ жеке құрамның тұрақты әзірлігіне тексеру жүргізілді.

🔹Тексеру барысында өрт сөндіру техникаларының, құрал-жабдықтардың жарамдылығы және жеке құрамның өрт туындаған жағдайда жедел әрекет етуге дайындық деңгейі бағаланды.

🔹Тексеру нәтижесінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейту жөнінде тиісті шаралар қабылданды.