Ұлттық парктің материалдық-техникалық базасы JAC T6 автокөлігі базасында жасалған 4 бірлік арнайы өртке қарсы техникамен толықтырылды.
Шағын орман-патрульдік кешені (ШОПК) – жүріп өту мүмкіндігі жоғары JAC T6 жүк-жолаушылар автокөлігі базасында жасалған заманауи жедел әрекет ету көлік құралы.
Шағын орман-патрульдік кешені орман аумақтарын патрульдеуге, орман өрттерінің алдын алу және оларды сөндіру бойынша қажетті жұмыстар жүргізілетін орындарға қызметкерлер мен өртке қарсы жабдықтарды жеткізуге арналған.
Кешен жоғары тиімді қысымды өрт сөндіру қондырғысымен, арқалық орман өрт сөндіргіштерімен (РЛО), өрт сөндіруге арналған арнайы құралдармен, күректермен және өрт ошақтарын сөндіруге әрі жоюға арналған басқа да қол құрал-саймандарымен жабдықталған.
Ұлттық паркті арнайы өртке қарсы техникамен қамтамасыз ету орман қорын қорғау жұмыстарының тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету уақытын қысқартуға және орман өрттерінің таралу қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Өрт ошақтарын уақтылы анықтау және жою, ормандарды өрттен қорғау – ұлттық парк қызметінің басым бағыттарының бірі. Бұл жұмыстар бірегей табиғи экожүйелерді, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін ерекше маңызға ие.
Орманды өрттен қорғайық! Табиғатты бірге сақтайық!