Сібір елігі – Орталық Азияның ормандарында, далалы және таулы аймақтарында, соның ішінде Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында мекендейтін ең сымбатты әрі сақ жануарлардың бірі.
Дене бітімі нәзік болғанымен, елік ерекше төзімділігімен және ойлы-қырлы жерлерде жылдам қозғалу қабілетімен ерекшеленеді. Қауіп төнген жағдайда ол ұзындығы 5–6 метрге дейін секіріп, жыртқыштардан құтыла алады.
Бір қызығы, Сібір елігінің есту және иіс сезу қабілеттері өте жақсы дамыған. Соның арқасында ол қауіпті алыстан сезіп, дер кезінде сақтана алады.
Табиғи ортада Сібір еліктері әдетте 10–12 жыл өмір сүреді, алайда кейбір дарақтары одан да ұзақ жасқа жетуі мүмкін.
