Skip to content
Жаңалықтар Жоңғар Алатауында жабайы жануарлардың күзгі санағы жүргізілуде

Жоңғар Алатауында жабайы жануарлардың күзгі санағы жүргізілуде

  • by

Жоңғар Алатауының асқақ таулары мен орманды алқаптарында жабайы жануарлардың күзгі санағы жүріп жатыр.

🌿Күзгі санақтың негізгі мақсаты — ұлттық парк аумағындағы жануарлар дүниесінің қазіргі жағдайын бағалау, олардың санын анықтау және табиғи популяциялардың өзгерісін бақылау.

🔎 Әрбір із, әрбір кездесу — маңызды дерек!

Санақ барысында жиналған мәліметтер жабайы жануарлардың таралу ерекшеліктерін зерделеуге, олардың мекендеу аумақтары туралы ақпаратты толықтыруға және табиғатты қорғау шараларын жоспарлауға мүмкіндік береді.

🐾 Мұндай жұмыстар ұлттық парктің биоалуантүрлілігін сақтау мен жануарлар дүниесіне тұрақты мониторинг жүргізуде маңызды рөл атқарады.

📅 Күзгі санақ жұмыстарының қорытындысы 2026 жылғы 15 қарашаға дейін шығарылады.

💚 Жоңғар Алатауының бай табиғаты мен жануарлар дүниесін сақтау — ортақ міндет!