Skip to content
Жаңалықтар 4 қазан – Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні

4 қазан – Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні

  • by

Ұлттық парк аумағында жануарлар дүниесін қорғау және олардың табиғи мекен ету ортасын сақтау мақсатында кешенді табиғат қорғау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Атап айтқанда, мемлекеттік инспекторлар тарапынан аумаққа тұрақты патрульдік бақылау жүргізіліп, браконьерлік пен табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алу шаралары жүзеге асырылады. Жабайы жануарлардың мекен ету аймақтары мен көші-қон жолдары бақылауға алынып, олардың санына мониторинг және есеп жүргізіледі. Сонымен қатар жануарлар дүниесіне антропогендік әсерді төмендету, табиғи мекендеу ортасын сақтау және өрттің алдын алу бағытындағы жұмыстар атқарылады.

Жануарлар дүниесін қорғау – табиғи экожүйелер мен биологиялық әртүрлілікті сақтаудың маңызды бөлігі.