ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті ұстаздар!
Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды!
📚 Ұстаз – білім мен тәрбиенің бастауы, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, олардың бойына туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті қалыптастыратын ардақты тұлға.
🌱 Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен шәкірт тәрбиесіне қосқан өлшеусіз үлестеріңіз әрдайым зор құрметке лайық.
💐 Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс және шәкірттеріңіздің биік жетістіктерін тілейміз!
Ұстаздар мерекесі құтты болсын!
