Биік шыңдардың еркін иесі — таутеке
🏔️ Аспанмен таласқан асқар таулар, тік жартастар мен қолжетпес құздар… Бұл — Жоңғар Алатауының айбынды тұрғыны таутекенің (Capra sibirica) мекені.
🌿 Тік жартастарда еркін қозғалатын бұл жануар — тау экожүйесінің маңызды бөлігі. Мамандар фототұзақтар арқылы оның тіршілігі мен таралуын тұрақты бақылап отырады.
💚 Біз үшін бұл — таңғажайып кадрлар. Ал таутеке үшін — күнделікті өмір.
📹 Бейнежазба «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ғылыми мониторинг барысында фототұзақ арқылы түсірілген.