🔻Сарқанда орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті
Сарқан аудандық мәдениет үйінде орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Амантай Мұқанұлы Орынбеков қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол орман қорын сақтау, табиғи байлықтарды қорғау және экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз етудегі орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегін атап өтті.
Сондай-ақ «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директоры Марат Нұрғазыұлы Кабиев әріптестерін мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Шара аясында ұлттық парк филиалдарына 4 жаңа автокөлік табысталды. Бұл табиғи аумақтарды қорғау және сақтау жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Салтанатты жиын барысында бірқатар сала маманы кәсіби еңбегі мен табиғатты қорғау ісіне қосқан үлесі үшін марапаттарға ие болды.