🐆 ҚАР БАРЫСЫ – БАЛАЛАР КӨЗІМЕН! 🎨🏔️
📅 2026 жылғы 23 қазанда Халықаралық қар барысы күніне орай «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Қар барысы – балалар көзімен» атты жасанды интеллект конкурсы және Сарқан балалар шығармашылық үйінің оқушыларымен сурет салу шығармашылық іс-шарасы өткізілді.
🌿 Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қар барысын қорғаудың маңыздылығын түсіндіру және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
🎨 Қатысушылар қар барысының бейнесін сурет өнері мен жасанды интеллект технологиялары арқылы бейнелеп, өздерінің шығармашылық туындыларын ұсынды.
🏆 Іс-шара қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері анықталды:
🏅 2–4-сынып оқушылары арасында:
🥇 І орын: Қожантай Айзере, Биғұлжа Мадина.
🥈 ІІ орын: Қантай Таңарыс, Қожантай Амина, Ақтанбай Айзере.
🥉 ІІІ орын: Серікқалиқызы Аяла, Рамазан Әлихан, Талғатұлы Нұрәлі, Ерәліқызы Аяна.
🏅 5–8-сынып оқушылары арасында:
🥇 І орын: Иманбай Бота, Рахым Дариға.
🥈 ІІ орын: Каримова Бинұр, Серікқазы Жанайым, Ерсайын Бибі.
🥉 ІІІ орын: Ақтанбай Айзере, Балтабек Шұға, Кенжебек Құндық, Базарбай Айзере.