«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің рекреация және туризм инженері Шамшудинов Максут Рамильевич гидтер мен экскурсия жүргізушілердің біліктілігін арттыру курсына қатысты.
Оқу бағдарламасы Дүниежүзілік туристік гидтер қауымдастықтары федерациясының (WFTGA) оқыту әдістемесі элементтерін қамтыды. Курсты халықаралық тренер Г. Чудновец жүргізді.
Оқыту барысында экскурсияларды ұйымдастыру, туристермен тиімді қарым-қатынас орнату, ақпаратты мазмұнды әрі түсінікті жеткізу және экскурсия жүргізудің заманауи әдістері бойынша білім мен тәжірибе жетілдірілді.
Біліктілікті арттыру курсы ұлттық парк аумағында экологиялық туризмді дамытуға, туристік қызмет көрсету сапасын арттыруға және өңірдің табиғи нысандарын кеңінен таныстыруға бағытталған.
#ЖоңғарАлатауы #ҰлттықПарк #ЭкологиялықТуризм #БіліктіліктіАрттыру #Гид Экскурсия WFTGA Туризм Жетісу




