Skip to content
Жаңалықтар Қызғылт родиола

Қызғылт родиола

  • by

ҚЫЗҒЫЛТ РОДИОЛА, АЛТЫН ТАМЫР

Rhodiola rosea L.
Жасашөптер тұқымдастығы –
Crassulaceae

Санаты. III категория. Саны азайған түр.

Биологиялық ерекшеліктері мен қысқаша сипаттамасы.

Биіктігі 1 м-ге жететін жуан көлденең тамырсабақты және тік жуан жіңішке жолақты сабағы бар көпжылдық өсімдік. Жапырақтары ірі, тақташасы жұмыртқа пішінді, үшбұрышты ұзындығы 40 см, ені 30 см-ге дейін болады. Гүлшоғыры сирек жайылған сыпыртқы; гүлдері ақ немесе қызғылт. Жемісі домаланған немесе домаланған-бүйрек пішінді, жалпақ жұмыртқа тәрізді қоңыр жаңғақты, қызыл қабыршақты қанаттарымен және ортасында тамырларымен болады. Мамырда гүлдейді, шілдеде жеміс береді. Тұқымымен көбейеді .

Таралуы. Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы. Қазақстаннан тыс: Сібір, Моңғолия, Қытай, Шығыс Еуропа .

Ұлттық парктегі таралуы мен шоғырлану орындары. Парк аумағының орта және биік таулы жерлерінде кездеседі. Бұлақ жағалауларында, субальпі және альпілік шалғындарда, қарлы алқаптар мен су қоймалары маңайында тасты жағалаулары мен аңғарларында өседі. Теңіз деңгейінен 1500-3000 м биіктік аралығында өседі.

Аманбөктер орманшылығы: Түрдің ең көп популяциясы Қарасырық шатқалының шыршалы орман етектерінде байқалған (шекара заставасы) – N:45°29′16,4″, E:080°13′09,8″ h 1845 м.; осы шатқалдың субальпі және альпі белдеулеріндегі арша бұталарының арасында сирек кездеседі – N:45°02′52,5″, E:079°57′57,2″ h 2842 м.

Басқан орманшылығы: Үлкен Басқан шатқалы мен Безымянный асуында субальпі белдеулерінде сирек кездеседі – N:45°13′42,4″, E:080°25′52,5″ h 2660 м.

Жалаңаш орманшылығы: Жоғарғы Жасылкөл шатқалының субальпі және аласа шөпті альпі шалғындықтарында шашыраңқы түрде шағын мөлшерде кездестірілді – N:45°18′00,8″, E:080°37′47,6″ h 2788 м., Сардала шатқалында – N:45°25′04,95″, E:080°35′38,78″ h 2346 м., Ағынықатты өзенінің жағалауында да – N:45°13′13,6″, E:080°29′04,6″ h 2588 м. сирек кездеседі.

Көкжар орманшылығы: Жамантас – N:45°20′732″, E:080°40′000″ h 2804 м., Кіші Жылысай шатқалдары мен Ашық кезең асуының жартасты және ұсақтасты беткейлерінде субальпі бұта өсінділері арасында кездестірілді.

Ұлттық паркте түрдің таралуын шектейтін табиғи және антропогендік факторлар.

Табиғи факторлар: тұяқты жануарлардың (қабан, бұғы) таптауы және тамыр жүйесін зақымдауы; толыққанды тұқымдық материалдың болмауы, орман өрттері. Антропогендік факторлар: таралу орындарында шаруашылық қызмет; бағалы дәрілік өсімдік ретінде жинау; жаппай мал жаю.

Ұлттық парк аумағында түрді сақтау үшін қажетті шаралар.

Түрді қорғау бойынша ағарту жұмыстарын жүргізу, соның ішінде арнайы тақырыптық аншлагтарды орнату. Түрдің популяция жағдайын қадағалау.