«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің Сарқан филиалы аумағында ағаштарды заңсыз кесудің алдын алу, жабайы жануарларды қорғау, браконьерлік әрекеттерді болдырмау және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
✅ Жүргізілген рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде ағаштарды заңсыз кесу фактілері мен табиғат қорғау заңнамасын бұзу жағдайлары анықталған жоқ.
Орман қоры мен жануарлар дүниесін қорғау бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.
#ЖоңғарАлатауы #СарқанФилиалы #ОрмандыҚорғау #ЖануарларДүниесінҚорғау #РейдтікІсШаралар ТазаҚазақстан