Құмай (лат. Gyps himalayensis) — қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.
Дене тұрқы 70 см-дей, қанаттарын жазғандағы ұзындығы 2,5 м-дей болады.Көзі өткір, биікте қалқып жүріп жердегі қорегін анық көре алады.Арқа тұсының қауырсындары қоңыр қошқыл күл түсті, ал құрсақ жағындағы қауырсындары — ақ сұр, ақшыл сарғыш.Тұмсығы қоңыр сары түсті, төмен қарай иіліп тұрады.
Мекендейтін жерлері парк аумағының Қараүңгір, Киікбай, Жамантас, Бірмойын, Аттапқан, Сарыбөктер шатқалдары Көбеюуі және биологиялық ерекшеліктері
Құмай — отырықшы құс. Ұяларын ақпан—наурыз айларында ағаш басына, биік жартастарға салады. Онда 1-2 жұмыртқа болады. 50 күндей шайқайды, балапандары ұясын шілденің басында тастауы мүмкін
Нағыз өлексежегіш, жабайы және үй тұяқты жануарларының өлекселері және суырмен қоректенеді. Жемтігін өте биіктен, үлкен территорияны бақылап, табады. Қорегі жетіспеген жағдайда біршама көп санды ақбас құмайлармен, тазқаралармен және сақалтайлармен бәсекеге түседі. Бірақ бұл құстардың өлекселерде бірге болуын ескерсек, олардың қарым-қатынастары санына аса көп әсер етпей бірге өмір сүретіндігін көрсетеді.
Құмай — сирек кездесетін, тіршілігі аз зерттелген құс болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
