Skip to content
Жаңалықтар Ителгі

Ителгі

  • by

Ителгі (лат. Falco cherrug) – сұңқартәрізділер отрядына жататын ірі жыртқыш құс.

Жоңғар-Алатауы парк аумағында мекендейді. Нақты мекендейтін жерлері Қараүңгір, Киікбай, Жамантас, Бірмойын, Аттапқан, Сарыбөктер шатқалдары қанатының ұзындығы 34 – 39 см, салмағы 730 – 800 г, ұябасарының қанаты 37 – 41 см, салмағы 1000 – 1300 г. сырт жоны қоңырқай сұрғылт, бауыры – сарғылт теңбілді болады. Ителгі қанаттарын жиі қағып, ауыр ұшады. Өте биіктеп, ұзақ қалықтайды. Негізінен, наурыздың аяғы – мамырдың басында құз-жартас кемеріне, биік қарағайдың басына ұя салады. Ұядағы 3 – 5 жұмыртқаны ұябасары бір айдан аса шайқайды. Балапандары 40 – 45 күннен соң ұядан ұшады. Бір жұптан орта есеппен алғанда жылына 2 балапан ғана қанаттанады. Негізгі қорегі – құмтышқан, сарышұнақ, майда құстар (торғай, кептер, түркептер, кекілік), сондай-ақ бауырымен жорғалаушыларды, ірі қоңыздарды, тіпті көкқасқа шегірткелерді де жей береді. Жемтігін бір орнында ұзақ отырып, тасадан күтеді, оны көре салысымен өте шапшаң ұшып, қуып жетіп ұстайды. Кейде құсты жоғарыдан шүйлігіп, қағып түсіреді. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

 

Ителгі құсы | elordainfo.kz