Үкі (bubo bubo) —жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. Ұясын жасыруға болатын жерге салады. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене мөлшеріне қарай 2-12-ге дейін жұмыртқа басады.
Қоян, тышқан секілді кемірушілерді аулап пайда келтіреді.Мекендейтін жерлері. Парк аумағының барлық жерінде мекендейді.
