Тянь-Шань қоңыр аюы ның аталығы (матай) аналығынан (кірекей) ірі болады. Аталығының дене ұзындығы 2,55 м, бойының биіктігі 1,35 м, салмағы 600 кг-дай. Негізінен құрлықта тіршілік етеді, суда жақсы жүзеді, ағашқа да өрмелей алады. Үш жаста жыныстық жағынан жетіледі. Аналығы өздері жасаған апанында екі жылда бір рет балалайды. Мамыр – маусымда ұйығып, қаңтар – ақпан айларында аналығы екі қонжық табады. Оларды төрт айдай емізеді. Қонжықтары аналарымен бір жылдай бірге жүреді. Қазанның ортасынан сәуірдің ортасына дейін қысқы ұйқыға кетеді. Қалған уақытта белсенді тіршілік етеді. Негізінен шөптесін өсімдіктермен, сирек жәндіктермен, майда сүтқоректілермен қоректенеді, кейде өлекселерді де жейді.Қорегі-әр-түрлі өсімдіктер, жеміс-жидектер, сирегірек жануарлар. 5-7 айға созылатын қысқы ұйқыға кетеді. Үңгірлеріне қазан-қараша айларында жатады, одан наурыз-сәуір айларында шығады. Күйлеуі мамыр-маусым айларында, 1-3 жиірек 2 қонжықтары қаңтар-ақпан (үңгірде) айларында туады. Аналықтары араларына жыл салып туады. Қонжықтары бірінші жылы аналарымен бір үңгірде қыстады, сонан кейін көктемде (күйлеуге түсерде) олар бөлінеді. Сарқан, Киікбай, Қарасырық, Үлкен Басқан, Кіші Басқан, Черная речка, Никоновый, Аттапқан, Жамантас шатқалдары