Сабаншы (Otocolobus manul немесе Felis manul) — жыртқыштар сабының мысықтәрізділер тұқымдасына жататын аң.
Парк аумағының Қарасырық, Жылысай, Бирмойын,Аттапқан шатқалдарында мекендейді .
Дене мөлшері үй мысығындай, тұрқы 52 — 65 см, салм. 4 — 5 кг. Үлпілдек жүні ашық сұр, қоңырқай түсті, арқасында көлденең жіңішке 6 — 7 қара жолағы болады. Құйрығы келте, арқасындағы 8 қара жолағы анық көрінеді. Құлақ қалқандары өте кішкентай, самайында шоқша сақалы бар. Інін жартас арасына салады, ірі кеміргіштердің індерін де мекендейді. Ақпан — наурыз айларында мауығып, сәуір — мамырда мысықтайды (2 — 8 аралығында). Қорегі — кемірушілер (тоқалтістер, шақылдақтар), торғайтәрізді құстар. Жемін ымыртта, түнде аулайды қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
