Skip to content
Жаңалықтар Тас сусары

Тас сусары

  • by

Тас сусары (лат. Martes foina) – сусарлар тұқымдасының сусарлар туысына жататын жыртқыш сүтқоректі аң. Үлпілдек жүнді, жылтыр, қара қоңыр түсті. Төсі ақ, бірден көзге түседі. Дене тұрқы 39-50 см, құйрығының Ұзындығы 23-29 см, салм. 1,5 кг.

Қорегі — тышқан тәрізді кемірушілер, ұсақ құстар, жазда — жәндіктер. Қыста жеміс-жидектермен қоректенеді. Қорегін түнде, кейде күндіз аулайды. Маусым-шілдеде ұйығады. 236-275 күннен кейін 2-5 соқыр, саңырау шақалақ туады. Олар 30-36 күннен кейін көзін ашады және естиді. Жыныстық жағынан 15-16 айда жетіледі.

Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.  Мекендейтін жерлері парк аумағының Үлкен Басқан, Бирмойын, Кіші Басқан, Осиновый, Черная речка шатқалдары.

Өскемен мен ШҚО / Тарбағатайда фототұзаққа тау сусары түсіп қалды