Жетісу облысының туристік әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілету және Шыңжаң өңірімен туристік ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласында «Жетісу Road-Show Шыңжаңда» іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында Шыңжаңның туристік компаниялары мен туроператорларына Жетісу өңірінің бірегей табиғи көрікті жерлері, туристік бағыттары, демалыс және сауықтыру орындары, сондай-ақ туристік өнімдері таныстырылды.
Атап айтқанда, өңірдің туристік әлеуетін:
– «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
– «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
– «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы;
– «Asia Tour» туристік компаниясы;
– «Тау Жетісу» тау шаңғы кешені;
– «Жаркент-Арасан» медициналық-сауықтыру кешені;
– «Викинг» турбазасы;
— «Air Astana» әуе компаниясы;
— «Тұмар Транс» компаниясы таныстырды.
Кездесу аясында Жетісу өңірінің туристік өнімдерін Шыңжаң нарығында ілгерілету, жаңа туристік бағыттарды дамыту, туристік ағынды арттыру және өзара тиімді әріптестік орнату мәселелері талқыланды.
Іс-шараның маңызды нәтижелерінің бірі – Жетісу облысының туристік ұйымдары мен бизнес өкілдері және Шыңжаң өңірінің туристік компаниялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылуы болды. Құжаттар бірлескен туристік жобаларды жүзеге асыруға, іскерлік байланыстарды нығайтуға және екі өңір арасындағы туристік алмасуды кеңейтуге бағытталған.
«Жетісу Road-Show Шыңжаңда» өңірдің туристік әлеуетін халықаралық нарықта кеңінен таныстырып қана қоймай, жаңа серіктестік байланыстар орнатуға және болашақтағы бірлескен туристік бастамаларға берік негіз қалады.
Жетісу – халықаралық туризм кеңістігінде жаңа мүмкіндіктер мен сенімді әріптестікке жол ашқан өңір!



















