Skip to content
Жаңалықтар Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде жабайы жануарлардың күзгі санағы жүргізілуде

Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде жабайы жануарлардың күзгі санағы жүргізілуде

  • by

«Жоңғар Алатауы» МҰТП аумағында 2026 жылғы 14 қыркүйектегі №241 н/қ бұйрыққа сәйкес жабайы жануарлардың күзгі санағы жүргізілуде.

Санақтың негізгі мақсаты – жабайы жануарлардың түрлік құрамын, санын, таралу аймақтарын және популяцияларының жай-күйін анықтау.

Санақ барысында жануарларды тікелей бақылау, олардың іздері мен тіршілік белгілерін анықтау және қозғалыс бағыттарын белгілеу әдістері қолданылуда.

Санақ нәтижелері жануарлар санының өзгеру динамикасын бағалауға, мекендеу ортасын зерттеуге және қысқы кезеңдегі қорғау шараларын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Жиналған мәліметтер ғылыми-зерттеу жұмыстарына, «Табиғат жылнамасы» кітабын толықтыруға және биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған табиғат қорғау іс-шараларын ұйымдастыруға пайдаланылады.
🎬 Муханов Нарул ғылым бөлімінің аңшылықтанушысы

#ЖоңғарАлатауы #ҰлттықПарк #КүзгіСанақ #ЖабайыЖануарлар ТабиғаттыҚорғау