Skip to content
Жаңалықтар “Таза Қазақстан” акциясы өткізілді

“Таза Қазақстан” акциясы өткізілді

Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2024 жылды “Экология жылы” деп белгілеуіне байланысты, 25 сәуір күні “Жоңғар-Алатауы” МҰТП-де “Парктер шеруі -2024” табиғатты қорғау акциясы аясында “Бірлік” ОМ мектеп орманшылығымен бірлесіп, “Таза Қазақстан” атты экологиялық іс-шара өткізілді. Акция аясында Сарқан Ормантұқымбағын көгалдандыру мақсатында 3000 дана жасыл желекті қарағай ағаш көшеттері отырғызылды. Іс шараға 25 адам қатысты. Келешекте бұл дәстүр өз жалғасын тауып, болашақ ұрпаққа орманды қорғауда және табиғатқа жанашыр болуға тәрбие береді деген сенімдеміз. #парктершеруі2024☘️ @birlik_mektebi

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *