Skip to content
Жаңалықтар Далалық іс-сапар ұйымдастырылды

Далалық іс-сапар ұйымдастырылды

✍️Ағымдағы жылы рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы М.Сулейменова, ғылым бөлімінің аға ғылыми қызметкері Ж.Нургожанова және Сарқан филиалының рекреация және туризм инженері М.Шамшудинов Сарқан филиалы, Аманбөктер орманшылығының Қарасырық шатқалында далалық іс-сапар ұйымдастырды.

📍Іс-сапар мақсаты: Қарасырық шатқалының альпі белдеуінде орналасқан мониторингтік алаңдарда мониторингтік бақылау жұмыстарын жүргізу және табиғи көркем жерлердің бірі — жоспардағы “Ақ көл” туристік маршруты бойымен жүріп өту. «Ақ көл» теңіз деңгейінен 3200м биіктікте орналасқан, соңғы оңжылдықтарда мұздықтардың белсенді түрде азаюы, яғни ірі көлдердің жарылу нәтижесінде пайда болды. Соқпақ атты-жаяу жүрісті, жалпы ұзындығы 140 км құрайды. Сел тасқыны салдарынан пайда болған Айдаусай мен Қарасарық шатқалындарының көрінісін тамашалауға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *