Skip to content
Жаңалықтар Фенологиялық құбылыстар

Фенологиялық құбылыстар

Қыс маусымында ауа температурасы осы жылы әдеттегіден жоғары болуына байланысты, өсімдіктер тіршілігінде маусымдық ауытқулар болып жатыр. Тауда қар жамылғысы шамадан аз, күнгей беткейлерде өсімдіктерде вегетация болып жатқаны байқалды.

Бұл көріністі Лепсі филиалы, Чернов орманшылығының мемлекеттік инспекторы Вишняков Ильнур, 28 айналымда 9 орамда көріп фотоға түсіріп отырды. Сиверс алмасы, Тянь-Шань қайыңы бүршіктену, қосүйлі қалақай жер бетіне шыққан, қазжуалар гүлдеуде. Осы фенологиялық құбылыстар туралы деректер мемлекеттік инспекторлар күнделігіне жазылды.
Аға ғылыми қызметкер Ж.Нургожанова, Лепсі филиалы ғылыми маманы Р.Ахунова
#ғылымбөлімі ✍️

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *