Skip to content
Жаңалықтар Далалық іс-сапар ұйымдастырылды

Далалық іс-сапар ұйымдастырылды

Сарқан филиалының аумағында жүргізілген далалық іс-сапар

14 ақпан айында «Жоңғар Алатауы» МҰТП, Сарқан филиалының Тополевка орманшылығы, Осиновый шатқалы аумағына, ғылым бөлімінің ғылыми қызметкері Балтабеков К. және рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің қызметкерлері Мақсутов А., Атабаева М., Вихрова Е., Рамазанова А. бірлескен далалық іс-сапар ұйымдастырылды.

Далалық іс-сапардың мақсаты: Табиғат жылнамасы кітабын жүргізу үшін, абиотикалық орта элементтерінің жай-күйі және өзгеріс динамикасы бөлімі бойынша маусымдық бақылау жүргізу және бастапқы материал жинау.
Сарқан филиалының аумағында болған уақытта көшкіндер, тасқындар, өзеннің ағысының өзгеруі, өзеннің жағалауларының өзгеруі байқалмады. Далалық іс-сапар кезінде парк пен күзет аймағының аумағында теріс антропогендік әсер ету факторлары анықталған жоқ.

Ғылым бөлімі: Балтабеков К.К.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *