Skip to content
Жаңалықтар МЕТТ-бағалау жүргізу және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін кеңейту бойынша іс-шара өтті

МЕТТ-бағалау жүргізу және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін кеңейту бойынша іс-шара өтті

🔹БҰҰДБ-мен бірлесіп ағымдағы жылдың 13-15 ақпанында табиғатты қорғауға, МЕТТ-бағалау жүргізу яғни (ЕҚТА) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін кеңейту бойынша іс-шара өтті.

Осы іс-шара аясында ЕҚТА желісін кеңейту жолдары, оның ішінде табиғатты қорғау құндылығы жоғары жаһандық маңызы бар ормандар мен қар барысының аумағын көбейту талқыланды. Солтүстік, Орталық және Батыс Тянь-Шань орман экожүйелеріне ерекше назар аударылды, онда әртүрлі ұлттық парктер мен қорықтар аумағында далалық зерттеулер жүргізілді.
Іс-шараға табиғи ресурстар басқармасы, ЕҚТА, ҮЕҰ басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ “Жоңғар Алатауы” МҰТП Ғылым бөлімінің басшысы- Б.Сағынғалиева, Лепсі филиалы директорының орынбасары — Н.Ниязов, Алакөл филиалы директорының орынбасары — А.Нуртазин және тәуелсіз сарапшылар мен мамандар қатысты. Іс-шара барысында басқарудың тиімділігі мәселелерін, жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейтуге және құруға байланысты ықтимал проблемалар мен қақтығыстарды белсенді талқылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *