Skip to content
Жаңалықтар 20 наурыз – Ұлттық спорт күні

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

⚜️Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам.

⚜️Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі-асық ойыны.
Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды.

⚜️Белбеу күресі белі байланған екі жауынгердің өзара жекпе-жегін көрсететін күрес түрі. Спортшылар жекпе-жек кезінде бір-бірін белбеуден ұстап, белдеседі және әрқайсысы өз қарсыласын жығуға, жеңуге тырысады.

⚜️Армрестлинг – бүкіл әлемде кеңінен таралған спорт түрі. Қазақ «қол күрес» деп атайды. Осы спорт түрінің қазақстанда жақсы дамығанын айта кету керек. Себебі ішкі біріншілікте топ жарған жігіттеріміз әлемді аузына қаратып келеді.

⚜️Алакөл филиалының қызметкерлері Ұлттық ойындар күнінде өзара жарысып, қазақ халқының ойындарын еске алды.

#алаколфилиалы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *