Skip to content
Жаңалықтар 15 сәуір — Экологиялық білім күні

15 сәуір — Экологиялық білім күні

Адам өмір бойы табиғатпен тығыз байланысты. Жыл сайын 15 сәуірде БҰҰ көптеген елдердегі қоғамдарды экологиялық білімін жетілдіруге шақырады. Осы күнге орай «Жоңғар-Алатауы МҰТП» қызметкерлері Н. Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейінің мұғалімдерімен бірлесіп 2 «ә» сынып оқушыларына ашық сабақ өткізді. Экологиялық дәрістің мақсаты— оқушылардың туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, табиғатты аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосу. Сабақ барысында оқушыларға ұлттық парктің флорасы мен фаунасы туралы бейнетаспа көрсетілді. Барлық оқушылар сабаққа белсенді қатысып, ұлттық парк туралы жаңа мәліметтер алды. Қатысушылардың саны — 25 оқушы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *