Skip to content
Жаңалықтар Гид-инструкторларды даярлау

Гид-инструкторларды даярлау

Ағымдағы жылдың 22-28.07. аралығында Алматы қаласындағы «Альплагер Туюк-Су» туристік базаның аумағында гид-инструкторлардың шеберлігін арттыру мақсатында тренинг-практикум өткізілді. Тренингке “Жоңғар-Алатауы МҰТП” туризм инженері Шамшудинов Мақсут қатысты.

Тренингте келесі бағыттар бойынша практикум өткізілді:
— зардап шегушіні тауда тасымалдау;
•алғашқы медициналық көмек көрсету;
•түйіндердің түрлері және олардың классификациясы;
•тауға шығу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

Тренингті 1 разряд 3 санатты инструктор Панов Дмитрий Юрьевич өткізді.
Тренинг-практикум соңында Шамшудинов Мақсутқа “Қазақстан альпинисті” белгісі табысталды. Құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *