Skip to content
Жаңалықтар Ғылыми – Техникалық Кеңес өтті

Ғылыми – Техникалық Кеңес өтті

  • by

Ұлттық парктің мәжіліс залында ағымдағы жылдың 30 наурызында № 1 Ғылыми – Техникалық Кеңес өтті.
📍Күн тәртібінде:
1. 2021-2025 жылдарға арналған «Жоңғар — Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытынды есептерін қарастыру:
-Жоңғар – Алатауы МҰТП аумағындағы мысықтар тұқымдасының экологиялық жағдайы;
-Жоңғар – Алатауы МҰТП аумағындағы Тянь-Шань қоңыр аюының қазіргі уақыттағы таралу аумағы мен саны;
-Жоңғар – Алатауы МҰТП аумағындағы таралған жәндіктердің түгенделуі;
— Жоңғар – Алатауы МҰТП флорасына түгендеу жүргізу және сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдік түрлері популяциясының жағдайын зерттеу.
2. Әр-түрлі сұрақтар.
Күн тәртібіндегі барлық сұрақтар бойынша қаулы барлық Ғылыми-Техникалық Кеңес мүшелерімен бірауыздан қабылданды.