Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мұздықты шыңдарынан Лепсі, Басқан, Сарқан, Үлкен Айдаусай, Тентек және Тастау өзендері бастау алады. Аталған өзендер Балқаш, Сасықкөл және Алакөл көлдерінің алаптарына жатады.
Парк аумағындағы көлдердің басым бөлігі биік таулы белдеулерде, мұздықтар маңында және карлық ойыстарда орналасқан.
🔹 «Ақкөл» мореналық көлдері теңіз деңгейінен шамамен 3000 метр биіктікте орналасып, Тушинский мұздығына іргелес жатыр.
🔹Ағынықатты өзенінің бойында парктің ең ірі көлдері — Жоғарғы және Төменгі Жасылкөл орналасқан.
Бұл су нысандары экожүйелердің тұрақтылығын сақтауда, биоалуантүрлілікті қорғауда және өңірдің су теңгерімін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
