Бұл күн 1950 жылы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (WMO) құрылғанына орай атап өтіледі.
🌿 Дүниежүзілік метеоролог күні – ауа райын болжау, климатты зерттеу және табиғи құбылыстарды бақылаумен айналысатын мамандардың кәсіби мерекесі.
🌱 Ұлттық парк қызметкерлері үшін де метеорологиялық бақылаулардың маңызы зор. Парк аумағындағы табиғи үдерістерді зерттеу, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің тіршілігін бақылау, өрт қаупінің алдын алу және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – барлығы да ауа райы жағдайларымен тығыз байланысты. Сондықтан парк мамандары күнделікті жұмыс барысында ауа райы болжамдарын ескеріп, табиғатты қорғау және сақтау бағытында маңызды жұмыстар атқарады.
🌷Осы айтулы күні метеорология саласының мамандарына және табиғатты қорғау жолында еңбек етіп жүрген барлық қызметкерлерге алғыс білдіреміз!