Skip to content
Жаңалықтар Эко-сабақ өткізілді

Эко-сабақ өткізілді

  • by

🌿 13 наурыз күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Халықаралық құстар күніне» орай ұлттық парктің Сарқан филиалының қызметкерлері Екіаша орта мектебінің «Еңлік» мектеп орманшылығының оқушыларына практикалық эко-сабақ өткізді.

🕊️ Іс-шараның мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, құстарды қорғауға және қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.

Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, құстардың тіршілігі, олардың табиғаттағы рөлі және оларды қорғаудың маңызы туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, мектеп ауласына 10 дана ұя жәшігі орнатылды.