🌷Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұлттық парктің дамуына өз үлесін қосып жүрген аяулы әріптестеріміз туралы айтуды жөн көрдік. Табиғатты қорғау мен ұлттық парктің тұрақты жұмысына әйел қызметкерлердің де қосып отырған үлесі зор.
💐Солардың бірі – Урманова Антонина Ивановна. Ол 2016 жылдан бері «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ Лепсі филиалында радиобайланыс диспетчері қызметін атқарып келеді. Антонина Ивановна парк аумағында тұрақты радиобайланыс қызметін жүргізе отырып, жедел байланыс пен маңызды ақпараттың дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз етеді.
💐Антонина Ивановнаны және барлық әйелдерді келе жатқан 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз! Ұлттық парктің дамуына және табиғатты қорғау жолындағы атқарып жүрген еңбектеріңіз әрдайым жемісті болып, жұмыстарыңызға табыс пен береке тілейміз!