Skip to content
Жаңалықтар Өсімдіктердің көктемге дайындалуы

Өсімдіктердің көктемге дайындалуы

  • by

🌿Өсімдіктер көктемге қалай дайындалады?
Қыста өсімдіктер толық «ұйқыға» кетпейді. Олар жаңа маусымға және алдағы гүлдеуге дайындықты алдын ала бастайды.
🌱Қыс мезгілінде өсімдіктер тыныштық күйіне өтеді:
— зат алмасуы баяулайды;
— қоректік заттарды жинақтайды;
— бүршіктері суықтан тығыз қабыршақтармен қорғалады.
Бүршіктердің ішінде жапырақтар мен гүлдердің бастапқы ұрықтары қалыптасқан күйде болады. Олар өсуін бастау үшін жылу мен күн сәулесін күтеді.
Күн ұзарып, ауа температурасы көтерілген кезде, өсімдіктерде сөл жүруі басталып, бүршіктер ашылады, алғашқы жапырақтар мен гүлдер пайда болады.
Кейбір өсімдіктер бәрінен бұрын оянады. Оларды бәйшешектер деп атайды. Олар тіпті қар астынан да қылтиып шыға алады.
🌷Бәйшешектерге: бәйшешек, құртқашаш (крокус), қызғалдақ, өгейшөп жатады. Бұл өсімдіктер қыстан кейін тез гүлдеу үшін пиязшығында немесе тамырында жинақталған қоректік заттарды пайдаланады.

🌷Бәйшешектерді аялаңыздар — олардың көпшілігі ҚР Қызыл кітабына енгізілген!🌱