Skip to content
Жаңалықтар Жедел іс-шаралар

Жедел іс-шаралар

  • by

«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің бас директорының 2026 жылғы 27 наурыздағы №82 н/қ санды «Жансүгіров – Үшарал автожол трассасы бойында еліктердің көші-қоны кезінде ұтқыр топ құру және оның қызметін ұйымдастыру туралы» бұйрығына сәйкес парк қызметкерлері тарапынан кешенді қажетті іс-шаралар қабылданды.

📍Қабылданған шаралардың нәтижесінде еліктердің табиғи миграциясы қауіпсіз жағдайда өтіп, олардың автожолдан кедергісіз өтуіне мүмкіндік жасалды.

📍Парк қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында көші-қон барысында қасақылық белгілері мен төтенше жағдайлар тіркелген жоқ.