«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ ұжымы референдум күні ерекше белсенділік танытты.
🔹Мекеме қызметкерлері бір адамдай болып сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Бұл қызметкерлердің ел болашағына бейжай қарамайтынын, азаматтық жауапкершілікті жоғары деңгейде түсінетінін көрсетеді.
🔹Ұжым мүшелері үшін референдум – мемлекет дамуына үлес қосатын маңызды қадам. Сондықтан олар бұл саяси науқанға белсенді қатысып, әр азаматтың дауысы маңызды екенін көрсетті.