Skip to content
Жаңалықтар Жыл құсы — 2026

Жыл құсы — 2026

  • by

Қазақстан биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығының (АСБК) бастамасымен елімізде жыл сайын «Жыл құсы» анықталады. 2026 жылы бұл атаққа қара сайрақ (Turdus merula) құсы ие болды.

Көктемнің әуезді жаршысы саналатын қара сайрақтың аталығы қап-қара түсті, тұмсығы ашық сары болады, ал аналығы қоңыр түсті келеді. Бұл құс көбіне орман-тоғайларда, бақтар мен саябақтарда тіршілік етеді. Әсем үнімен табиғатқа ерекше көрік беретін құстардың бірі.
Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында қара сайрақ жиі кездеседі және қыстаушы құстардың қатарына жатады.