Skip to content
Жаңалықтар Ұлттық парк қызметкерлері Almaty Half Marathon марафонға қатысты

Ұлттық парк қызметкерлері Almaty Half Marathon марафонға қатысты

  • by

🏃‍♂️19 сәуірде Алматы қаласында еліміздегі ең ірі жүгіру жарыстарының бірі – Almaty Half Marathon өтті. Аталған жарысқа 44 елден 10 000-нан астам қатысушы жиналды.
Бұл марафонға ұлттық парктің қызметкерлері – шаруашылық бөлімінің басшысы М. Аязбаев және биолог Қ. Елеусизов қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
🔹М.Аязбаев 50-59 жас санатында 21 км 97,5 м қашықтық бойынша 41-орын иеленіп, мәреге 01:52:41 уақытта жетті.
🔹Қ.Елеусизов 25-29 жас санатында осы қашықтықта 95-орын алып, жарысты 01:47:04 уақытта аяқтады.
Аталған жетістіктер қызметкерлердің салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетеді. Бұл – ұжым үшін үлкен мақтаныш әрі жастарға үлгі боларлық нәтиже.
🥇Құттықтаймыз!