021–2025 жылдары парк аумағында «Жоңғар Алатауы МҰТП аумағында мекендейтін жәндіктерді түгендеу» ғылыми-зерттеу жұмысы аясында энтомофаунаға қатысты ауқымды зерттеулер жүргізілді. 5 жыл ішінде:
🔬 784 жәндік түрі анықталды (12 отряд, 99 тұқымдас)
🦠 Омыртқасыздардың жалпы тізімі — 787 түр
📈 Таксономиялық тізім 130 жаңа түрмен толықтырылды
📕 7 түр Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген
🌿 16 түр — өңірлік эндемиктер
Жыл сайын жүргізілген далалық зерттеулер, коллекциялық материалдарды жинақтау және таксономиялық талдау нәтижесінде парк аумағындағы биоалуантүрлілік туралы ғылыми деректер айтарлықтай толықтырылды.
📚 Зерттеу нәтижелері 6 ғылыми мақалада және бір монографияда жарияланды.