Skip to content
Жаңалықтар Алматы–Өскемен автожолында еліктердің қауіпсіз өтуі қамтамасыз етілді

Алматы–Өскемен автожолында еліктердің қауіпсіз өтуі қамтамасыз етілді

  • by

🔹28 наурыз күні Алматы–Өскемен автожолының 494 шақырым учаскесінде еліктердің маусымдық көші-қоны кезінде бірқатар жануарлардың жол бойындағы қоршаулар салдарынан өте алмай қалған жағдайы тіркелді.

Аталған жағдайға байланысты «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» қызметкерлері тиісті мекемелермен бірлесіп жедел шаралар қабылдады. Нәтижесінде қоршаудың бір бөлігі уақытша ашылып, еліктердің автожолдан қауіпсіз өтуіне мүмкіндік жасалды.

Қазіргі таңда жағдай толық бақылауға алынып, мәселе оң шешімін тапты. Жануарлардың табиғи миграциясын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.